Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
ашық дереккөз
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
13 мамырда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында жастар акциясы өтті. Мақсаты – ғимараттардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткі құралдарын жарнамалайтын граффити жазуларды өшіру бойынша жұмыстар жүргізу. Іс-шара барысында волонтер жастар Қазыбек би №106, 108, 110 мекенжайында орналасқан үйлердің қабырғаларынан есірткі заттарды жарнамалайтын кодтық сөздері мен байланыс нөмірлері бар жазулардың граффитиін өшірді. Сондай-ақ жастарға құқықтық сауаттылық беретін ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Граффити жазуларды енгізгені және интернет желілерде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін ҚР ҚК 299-1-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жаза көзделген. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасағаны үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Есірткі заттары туралы құпия белгі жасайтын адамдар есірткі заттарын өткізгені үшін жауап береді және ҚР ҚК 297-бабы бойынша 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал жалпы білім беретін мекемелерде не кәмелетке толмағандарға есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға тартылатын болады.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар