Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЕШҚАНДАЙ ЛОКДАУН ЖАРИЯЛАНБАҒАН

ЕШҚАНДАЙ ЛОКДАУН ЖАРИЯЛАНБАҒАН
ашық дереккөз
ЕШҚАНДАЙ ЛОКДАУН ЖАРИЯЛАНБАҒАН
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының COVID-19-ға байланысты жаңа локдаундар жариялағаны туралы ақпарат таратуда. Бұл шешімді Ақ үй қолдап, АҚШ президенті Джо Байден үй-жайдың ішінде маска тағып жүретінін айтқан екен. Бұл рас па? Тексерейік. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында COVID-19-ға байланысты локдаун енгізіліп жатқаны туралы ешқандай хабарлама жоқ. Ұйым өкілдері 2023 жылғы 6 қыркүйекте өткен медиа брифинг кезінде мұндай ештеңе айтпаған. Іс-шараның толық жазбасы желіде бар. Ақ үйдің ресми сайтында жаңа локдаун туралы ақпарат жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында да осы бір маңызды жаңалық туралы жазылмаған. Америкалық жаңалықтар порталдарында АҚШ президенті Джо Байден маска тағу туралы шешім қабылдағаны туралы жаңалық та шықпаған. Ол бұл шешімге ДДҰ немесе басқа ұйымдар кеңес бергендіктен емес, жұбайы Джил Байден COVID-19 ауырып қалғаны түрткі болды. Тест нәтижесі Президенттің ауру жұқтырмағанын көрсетті. Демек, ДДҰ мен Ақ үй жариялаған жаңа локдаун туралы ақпарат жалған. Джо Байден жұбайы COVID-19 жұқтырғандықтан маска тағып жүретінін айтқан, оның АҚШ-та немесе басқа жерде карантиндік шектеулер енгізуге қатысы жоқ. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

АЛЕКСА ДА АЛДАЙДЫ
Алдыңғы мақала
АЛЕКСА ДА АЛДАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар