Арыз берудің артықшылықтары
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінен бөлек, «Электрондық үкіметтің» «www.egov.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тәжірибеде көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы арызбен жүгінген кезде бұл мүмкіндіктерді пайдаланбайтынын көруге болады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты – қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі №13 бұйрығымен бекітілген «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде болады.
Электрондық өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Электрондық үкіметтің аталған веб-порталы арқылы жүргізіледі.
«Single Sign-On» технологиясының көмегімен апостиль қою туралы арыз «Сот кабинеті» сервисіне түседі, онда арыздың электрондық үлгісін, мемлекеттік баж, басқа да құжаттарды тіркеу туралы функционалын толтыру қажет.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну қызметі қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетiлгенi үшiн әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ Электрондық үкіметтің төлем-шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталда тиісті құжаттарды жолдағаннан кейін бір жұмыс күнін құрайды. Арыз берген күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Портал жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, яғни демалыс және мереке күндері өтініш білдірсе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат таңғы 9:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жалғасады. Сағат түскі 13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс.
Портал арқылы апостиль қою туралы арызбен жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін бірқатар құжаттардың тізбесі қажет. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш, апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) қажет. Сонымен қатар мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда), көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі, егер өзгерту Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген жағдайда құжаттың көшірмесі ұсынылмайды) керек.
Людмила СЫРЫМБЕТОВА,
ҚР Сот әкімшілігінің облыс бойынша департаментінің
Ұйымдастыр-талдау бөлімінің
бас маманы
Келесі мақала