Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨРТ ОҚИҒАСЫ ЖИІЛЕП ТҰР

ӨРТ ОҚИҒАСЫ  ЖИІЛЕП ТҰР
ашық дереккөз
ӨРТ ОҚИҒАСЫ ЖИІЛЕП ТҰР
2023 жылдың 16-17 қыркүйегінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері 34 рет жедел шақыруға шыққан. Бұл күндері 11 өрт және 15 жану оқиғасы тіркеліп, 1 рет балаға және 3 рет үй жануарларына көмек қажет болған. Сондай-ақ құтқарушылар құлыптанып қалған үй есіктерін ашуға 3 рет және тұрғын үйден түтінді шығару жұмыстарына 1 рет шыққан. Сонымен қатар қазіргі таңда облыс аумағында автокөліктердегі өрттер басылар емес. Мысалы, тек 16 қыркүйектің өзінде 2 рет автокөліктегі өрт оқиғасы тіркелген. Бұдан бөлек аймақта шөпханалардағы өрттер да жиілегені байқалады. Екі тәулік ішінде Байзақ ауданының Сарыкемер және Жаңатұрмыс ауылдарында, сондай-ақ Жамбыл ауданының Аса ауылында және Т.Рысқұлов ауданының Р.Сабденов ауылдарында 4 өрт оқиғасы тіркеліпті. Сондай-ақ демалыс күндері Тараз қаласында, Қордай ауданының Қарасу және Қордай ауылдарында, Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылында тұрғын үйлерде өрт оқиғалары орын алған. Жоғарыда аталған оқиғаларға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының күштері мен құралдары жедел түрде шығып, тиісті жұмыстарды атқарған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелмеген. Қазіргі уақытта өрттердің шығу себептері мен келтірілген залалдары анықталуда. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс және қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және төтенше жағдайларға жол бермеуге шақырады. Өрт немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет. «АR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар