Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Блокчейн» бағдарламасының артықшылығы

«Блокчейн» бағдарламасының артықшылығы
ашық дереккөз
«Блокчейн» бағдарламасының артықшылығы
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы тіркеу басқармасының басшысы Шыңғыс Смаилов жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы брифинг өткізді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы Әділет органынан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ком­мер­циялық емес акционерлік қоғамына 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап берілді. Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №451 бұйрығына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу құны бекітіліп, 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап қолданысқа енді. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу артықшылығы, мемлекеттік тіркеу мерзімі үш тәуліктен екі сағатқа дейін қысқарды. Өткен жылдан бастап екінші деңгейлі банктер­дің жылжымайтын мү­лік нысандарына кепілді тір­кеу мақсатында «Блокчейн» бағдарла­масы қолданысқа енді. Қазіргі уақытта бұл бағдар­ламаның тиімділігі сол, қызмет алушылар жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында өтініштерді халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне барып кезекке тұрып, әуре-сарсаңға түсудің қажеттілігі жоқ. Шыңғыс Өсербайұлы аталған өтінішті кепіл ұстаушы, яғни банк тарапынан тіркеуші органға жолдап, тіркеу үшін төленетін төлем төленгеннен соң бір күннің ішінде мемлекеттік тіркеу жүргізілетінін атап өтті. – Қазіргі уақытта мемле­кет­тік қызметтердің барлығы қарапайым­дан­дырылып, қы­зметті ұсыну мерзімдері қысқа­руда. Сондай-ақ жылжы­май­­­тын мүлікке қатыс­ты анық­­та­маларды халыққа қыз­мет көрсету бөлімдеріне бар­май-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаның негізінде «Электрон­дық Үкімет» арқылы алуға болады, – деді басқарма басшысы. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ақпарат
Алдыңғы мақала
Ақпарат

Ұқсас жаңалықтар