БІРЛЕСКЕН ІСТЕ БЕРЕКЕ БАР
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев алғашқы жұмыс аптасын облыс әкімдігіне қарасты басқармалардың, мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті өкілетті органдардың жұмысымен, олардың бүгінге дейін атқарған қызметімен және алдағы жоспарларымен танысудан бастады.
А т а п а й т с а қ , а й м а қ б а с ш ы с ы облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиевтің қатысуымен өткен жиында өңірде көппартиялық жүйені қалыптастыру мәселелері, тұрақты комиссиялар қызметінің нәтижелері, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамытудағы мәслихаттың рөлі төңірегінде пікірлесті. Аталған жиынға облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары да қатысты. Жиын барысында Ербол Шырақпайұлы өкілетті органның рөліне тоқталып, алдағы уақытта да олардың атқарушы билікпен өзара ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеу қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала