Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАПСЫРЫЛДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАПСЫРЫЛДЫ
ашық дереккөз
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАПСЫРЫЛДЫ
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық тексеру комиссиясының  төрағасы Руслан Мелдебековті қабылдады. Руслан Мелдебеков аймақ басшысына бүгінге дейін тексеру комиссиясы тарапынан атқарылған жұмыс барысын қорытындылап, мемлекеттік аудит және сараптамалықталдау іс-шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы баяндады. Оның айтуынша, осы күнге дейін мемлек еттік аудит объек тілерінің тізбелеріне сәйкес 10 мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізген. Мемлекеттік аудитпен 238 461,6 миллион теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде 572 рәсімдік сипаттағы бұзушылық, 30 жүйелік проблема мен кемшіліктер және 45 601,9 миллион теңгенің бұзушылықтары анықталған. Лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін 3 материал құқық қорғау органына жолданды. Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 40 қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 70 қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 35,3 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар