Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АҒЫНЫ ҚАТТЫ СУҒА АЖАЛЫ ЖЕТКЕН ТҮСЕДІ

АҒЫНЫ ҚАТТЫ СУҒА АЖАЛЫ ЖЕТКЕН ТҮСЕДІ
ашық дереккөз
АҒЫНЫ ҚАТТЫ СУҒА АЖАЛЫ ЖЕТКЕН ТҮСЕДІ
Жаз бойы халықтың бір бөлігі шетел асып, теңіз жағалап тынықса, қала тұрғындары ауыл маңындағы өзен-көлдердің бойында демалыстарын өткізді. Міне, осы кезде өңірдегі өзен-көлдердің жағасы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатаң бақылауында болды. Сала мамандары күн-түн демей халықтың амандығын күзетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Руслан Шариев суға түсу маусымы аяқталғанымен су айдындарында адам өлімін болдырмау мәселесі маңызды болып қала беретіндігін айтады. Иә, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін қашанда халықтың өмірі маңызды. Сала қызметкерлері жаз бойы шомылу маусымының қауіпсіз өтуі үшін барлық қолдарынан келген жұмысын істеді. Қайғылы оқиғалардың алдын алу, адам өлімін болдырмау мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шара жүргізілді. Профилактикалық жұмыс су айдындарының қауіпті учаскелеріне 360 ескерту, тыйым салу белгілері және 20 көрнекі стендтер орнатудан басталған болатын. Тиісті мекемелердің қолдауымен қала және аудан орталықтарында билбордтар орнатылды, бейнероликтер жарияланды. Облыс әкімдігі білім басқармасының жүзу бассейндерімен жасасқан келісімшарты аясында балалар жүзуді тегін үйренді. Оқу жылының соңына дейін барлық білім беру мекемелерінде оқушылармен, студенттермен судағы қауіпсіздік ережелері тақырыбында түсіндірме жұмыстары, сынып сағаттары, интерактивтік сабақтар өткізілді. Қазіргі таңда шомылуға қауіпті орындарда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар, облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе волонтерлерді тарта отырып, көпшілік жаппай демалатын және шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейд және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 2 мыңдай рейд және патрульдік жұмыстар жүргізіліп, 300-дей жиын өткізіліп, 37 мыңнан аса жадынама таратылған. Бірақ өкінішке қарай, жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, облыс аумағында 2023 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша шомылу маусымында су айдындарында 4 оқыс оқиға тіркеліп, 5 адам (3 бала) қаза болған. Оқиғаның орын алуының басты себептеріне шомылу кезінде балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, жүзу кезінде өз күшін бағаламау, жабдықталмаған орындарда шомылу және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп екен. – Орын алған оқиғаларға байланысты төтенше жағдайлар комиссиясының кезектен тыс отырыстары өткізілді. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған азаматтарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364, 412 және 440-баптары бойынша шара қолданылады. Жергілікті полиция қызметімен бірлескен рейдтер барысында 364 және 440-баптар бойынша ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу және қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактілері бойынша ескертулер мен айыппұлдар салынады. Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен 412-бап бойынша су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау фактісі бойынша айыппұл салынады. Ал рейдтік және патрульдік жұмыстар барысында 368 адамға қатысты ескерту мен айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Руслан Исымағұлұлы. Қайғылы жағдайға алып келетін фактор көп десек те, негізінен балалардың өлімінің басты себебі – ата-аналардың қадағаламауы мен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы екен. Сонымен қатар мас күйінде суға түсетін, тіпті ересектердің арасында тыйым салынғанына қарамастан ағысқа қарсы ұмтылатын азаматтар да кездесетін көрінеді. Жалпы әр нәрсенің өз ережесі мен тәртібі болады. Сол сияқты суға түскенде де ұстанатын арнайы бекітілген ереже-тәртіп бар. Мәселен, ең біріншіден, «суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға болмайды. Сонымен қатар «мұз үстімен өтуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде мұзға шығуға тыйым салынады және жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге, шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге, суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан (жартастардан, құздан, қойтастардан, жақтаулардан, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге, спортпен айналысуға, оның ішінде спорттық ойындар ойнауға, осы мақсаттарға бейімделмеген орындарда ойнауға, жалған дабыл айқайларын беруге, су айдындарын ластауға және қоқыс тастауға, кір жууға, шомылуға бөлінген орындар мен оған іргелес жатқан оның ішінде ағыспен 500 метрге дейін жағажайлардан жоғары аумақтарда көлік құралдарына отын қоюға, жууға және жөндеуде, су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен жоюға (алуға), бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді. Облыс әкімінің 2019 жылғы қаулысымен аймақта шомылуға рұқсат етілген 12 орын бекітілген. Ал Азаматтық қорғау туралы Заңның 12-бабының 1-тармағы 70-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» бекітілген. Осы бойынша жыл сайын рұқсат етілген орындардың сұранысына сәйкес су астын сүңгуірлік тексеру жұмыстары шомылу маусымы басталмастан бұрын жүргізіледі. Қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы акт әзірленіп, шомылу орнының сол жылы ашылуына рұқсат беріледі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар