Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БІЛІМ КҮНІ НЕГЕ БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕККЕ БЕЛГІЛЕНГЕН?

БІЛІМ КҮНІ НЕГЕ БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕККЕ БЕЛГІЛЕНГЕН?
ашық дереккөз
БІЛІМ КҮНІ НЕГЕ БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕККЕ БЕЛГІЛЕНГЕН?
Аталған күннің шығу тарихы б.з. ІV ғасырлардан басталады. Неге дейсіз бе, себебі 325 жылы атақты Рим императоры Константин әлемді таңғалдырған алып шіркеу тұрғызып, бірінші қыркүйек күні Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады. Алайда қаулы бірден өз күшіне еніп кетпейді. Өйткені ол кезде Ресейде және басқа да мемлекеттерде Жаңа жыл наурыз-сәуір айларында атап өтілетін. Жүздеген жылдарды араға салғаннан кейін, 1492 жылы ІІІ.Иоаннаның бұйрығымен Жаңа жылды тойлау дәстүрі бірінші қыркүйекке ауыстырылады. Бұл жылдары мектептер шіркеу қабырғаларында орналасқан еді. Осы себепті оқу жылының басталуы Жаңа жылмен бірдей етіп белгіленеді. Иоаннаның жарлығынан кейін кыркүйектік «жылбасы» жалғаса берген болатын, тек 1699 жылы еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа жылды тойлау бірінші қаңтарға ауыстырылды. Оқушылардың мектепке қыркүйектің бірінде баруларының тағы бір себебі: бағзы замандарда бұл күні күздің алғашқы күні ғана емес, күнтізбенің алғашқы күні басталатын болған. 1984 жылдан бастап Білім күні күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар