Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТӘЖІКСТАН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІНЕ СҮЙЕНЕДІ

ТӘЖІКСТАН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІНЕ СҮЙЕНЕДІ
ашық дереккөз
ТӘЖІКСТАН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІНЕ СҮЙЕНЕДІ
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірқатар кездесулер өткізген болатын. Кездесулер аясында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері отандық IT-шешімдермен танысу үшін Цифрлық үкімет кеңсесіне арнайы барды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин екі ел президентіне үкіметке азаматтармен өзара тиімді іс-қимыл орнатуға көмектесетін платформаларды таныстырды. Кездесу барысында құжаттарды тапсыру, салықтарды төлеу және өтінімнің мәртебесін қадағалау бойынша проактивті сұрау салудың сәтті жүзеге асырылған мысалдары ұсынылды, сондай-ақ өмірдің барлық кезеңінде азаматтар мен бизнеске қызмет көрсетуге қолайлы мемлекеттік сервистер таныстырылды. Мемлекет басшылары бала туу жөніндегі проактивті қызметтермен, сондай-ақ «Кезекке тұру және балабақшаға қабылдау», «Колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу» сияқты түрлі өмірлік жағдайлар аясындағы қызметтермен танысты. Азаматтарға арналған проактивті қызметтер мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау шеңберіндегі «клиентке ыңғайлы болу» қағидасына негізделген. Екі елдің басшыларына азаматтардың өтінім беруіне арналған «е-Otinish» платформасы және жер қойнауын пайдаланушы субъектілердің қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін анықтауға мүмкіндік беретін ғарыштан мониторинг жүргізу жүйесі таныстырылды. Бизнеске қызмет көрсету жобасы аясында «тәуекелдерді басқару жүйесі» көрсетілді, ол мемлекеттік органдарға бизнес-есептерді ұсыну кезінде қағаз түріндегі деректерді алмасуды және бюрократиялық процестерді тексеру кестесін қалыптастыру кезінде адами факторды және тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға көмектесті. Сондай-ақ Тәжікстаннан келген делегация өкілдеріне жылжымайтын мүлікті тіркеу, автокөлікті қайта тіркеу, мемлекеттік нөмірлерді таңдау және сатып алу процесі онлайн түрінде көрсетілді. Кездесу нәтижесінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігімен электрондық үкімет платформасына қатысты технологияларымен және білімімен бөліседі. Өз кезегінде Эмомали Рахмон Тәжікстанда цифрлық технологияларды дамыту ісіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылдың 22-24 тамызы аралығында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин бастаған техникалық топтың бағалау миссиясы Тәжікстан Республикасы үкіметінің аппаратымен бірқатар кездесу өткізген еді. Алдын ала бағалау миссиясын өткізу цифрландыру мен электрондық үкіметті дамыту саласындағы белгіленген келісімдерді одан әрі бекітуге мүмкіндік берді. Қазақстан мен Тәжікстанның цифрландыру мен электронды үкіметті дамыту саласындағы ынтымақтастығы мемлекеттік қызметтерді жақсарту, экономиканы дамыту және азаматтардың сапалы өмірін қамтамасыз ету үшін цифрлық технологияларды айтарлықтай тиімді пайдалануға жол ашады. Бұл кейс отандық IT өнімдердің шетелде сұранысқа ие болғанының көрнекі мысалы. Қазақстандық ІТ-мамандар мен цифрландырушылар электронды үкіметті құру бойынша тәжірибе алмаса отырып, IT-шешімдерді елден тыс жерде енгізуде білімдері мен құзыреттерін арттырып, сол арқылы отандық өнімді экспорттауда.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар