Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік қызметте де мол мүмкіндікке жол ашты

Мемлекеттік қызметте де мол мүмкіндікке жол ашты
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметте де мол мүмкіндікке жол ашты
Көптеген халықаралық сарапшылар Қазақстанның Конституциясын бостандықтың негізі ретінде қарастырады. Бұл Ата заңымыздың халыққа ең бастысы таңдау құқығын бергенін көрсетеді. Келесі жағдайға қысқаша тоқталғым келеді. Конституцияның 33-бабы мемлекеттік қызметке кіруге қол жеткізудің тең құқығына кепілдік береді. Осы норманы енгізудің арқасында Қазақстанда мемлекеттік қызметтің бүкіл жүйесіне реформа жүргізілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясы қабылданды. Заңдылық, ашықтық және жалпыға қолжетімділік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде міндетті конкурстық іріктеу енгізілді. Осыдан біршама уақыт бұрын қарапайым азаматтар үшін Қазақстанда қандай мемлекеттік органдардың бар екені, мемлекеттік қызметшілер қанша теңге жалақы алатыны, оларға қандай функционалдық міндеттер мен талаптар жүктелгені туралы ақпарат болған жоқ еді. Қазір мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындары туралы хабарландырулардың болуы, онда мемлекеттік лауазым туралы барлық қажетті ақпарат (мемлекеттік органның атауы және лауазымы, жалақысы, қойылатын біліктілік талаптары, функционалдық міндеттері) толық қолжетімді болып тұр. Бұл ақпарат жалпыға қолжетімді. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты біздің азаматтар тек газеттерден ғана емес, сонымен қатар әлемнің кез келген жерінде интернет-ресурстардан да ала алады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу кезеңінде негізінен мемлекеттік қызметтің кәсіби аппараты қалыптасты. Өткен жылдары өткізілген конкурстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, арнайы білімі мен қажетті тәжірибесі бар адамдар түсті. Қазақстандық мемлекеттік қызмет жүйесі – мемлекеттік қызметтің конкурстық-мансаптық моделі. Жаһандық жаңғыртудың арқасында мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар ашық конкурстық негізінде бәсекеге түседі, бұл жүйенің негізгі мәні мемлекеттік аппараттың ашықтығын көрсетеді. Әрі қарай мансаптық ілгерілеу құзыреттілік тәсіл негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, Конституция нормаларын сәтті іске асырудың нәтижесі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген өзекті қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің нәтижесі мен сапасына бағытталған болып отыр. Бұл ретте мемлекеттік қызметтің қолданыстағы заңнамалық базасы бірнеше рет жетілдірілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет туралы заңнама барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметшілеріне қолданылады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру міндеті заңнамалық тұрғыдан бекітілген, ол үшін оқыту ұйымдарының жүйесі құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан мемлекеттік басқару Академиясы құрылды. Академия мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ғылыми және әдіснамалық орталығы. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің өте маңызды бағыты – персоналды басқаруда заманауи менеджмент элементтерін енгізу. Мемлекеттік қызметтегі заманауи менеджменттің даму тенденцияларының бірі – басқарудың экономикалық әдістерін қолдану. Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда тиімділігі дәлелденген модельдер мен тұжырымдамаларды пайдалану. Бұған мемлекеттік қызметті жабық жүйеден жария жүйеге, ал азаматтарды клиенттерге айналдыру, яғни мемлекет пен оның азаматтары арасындағы қатынастарды құру принципін өзгерту қадамдарын жатқызуға болады. Мұнда мемлекеттік қызметтің ашықтығын, мемлекеттік қызметке кіру үшін ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды, нұсқаулықтарды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қабылдау жөніндегі қадамдар көрініс тапқан. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ең ашық және демократиялық заң деп санайды. Мұның барлығы қолданыстағы Конституцияның тұрақтылығы мен мемлекет басшылығының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болып отыр. Лесбек ІЛЕБАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар