Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Біз бақытты ұрпақпыз!

Біз бақытты ұрпақпыз!
ашық дереккөз
Біз бақытты ұрпақпыз!
«Конституция – елдегі қоғамдық күштердің шын мәніндегі арақатынасы», деп Фердинанд Лассаль осыдан 150 жыл бұрын айтқан екен. Осы бір қанатты сөздің ақиқатына дербес өмірге жолдама алған әр мемлекеттің көзі жеткені анық. Ендеше, еркін халықтың санасында мәңгі орнаған бостандық идеясының жүзеге аса бастауының негізі болып отырған Конституцияның Қазақ елі үшін де орны бөлек. «Конституция – елдегі қоғамдық күштердің шын мәніндегі арақатынасы», деп Фердинанд Лассаль осыдан 150 жыл бұрын айтқан екен. Осы бір қанатты сөздің ақиқатына дербес өмірге жолдама алған әр мемлекеттің көзі жеткені анық. Ендеше, еркін халықтың санасында мәңгі орнаған бостандық идеясының жүзеге аса бастауының негізі болып отырған Конституцияның Қазақ елі үшін де орны бөлек. Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты – Ата Заңы. Еліміздің Ата Заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, төрткүл дүниеге «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат. Биыл тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен негізгі нығаю құндылығына айналған Ата Заңымыздың 28 жылдығы атап өтілуде. Осы орайда: «Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. Шырқадым Әнұранды бар дауыспен, Арманым –Ата заңым қабылданып», деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Расында да, біз бақытты ұрпақпыз. Бүгінде мемлекет тарапынан халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде жастардың да өзін-өзі дамытуына баса назар аударылуда. Экономикалық қиындықтарға қарамастан халықаралық «Болашақ» бағдарламасы қабылданып, шетелдің маңдайалды оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасалды. Елімізде де мектеп бітіруші түлектер үшін көптеген жобалар жүзеге асып, гранттар саны артты. Ғылым көкжиегін кеңейтумен қатар жұмысшы мамандықтарға да көңіл бөлініп келеді. Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету мақсатында жеңілдетілген несиелер, қайтарымсыз гранттар берілуде. Сонымен қатар баспанамен қамту бағытында да байыпты бастамалар жетерлік. Осының бәрі де Ата Заңымызда айшықталып жазылған қағидалардың жемісі екені сөзсіз. «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз» деп басталатын Ата Заңымызда біздің құқықтарымыз бен мүдделеріміз тайға таңба басқандай етіп жазылған. Баршаға белгілі, былтыр 5 маусымда республикалық референдум өтіп, Конституциялық реформалар басталды. 30-дан астам ұлттық заңнамаға, оның ішінде 10-ға жуық конституциялық, салалық заңдарға өзгерістер енді. Жаңа нормалардың барлығы биылғы қаңтар айынан бастап өз ретімен іске асырылып жатыр. Сондай оң өзгерістің бірі – Конституциялық соттың құрылуы. Конституциялық сотқа бүгінге дейін азаматтардан 3,5 мыңға жуық өтініш түсіп, 10-нан астам нормативтік қаулы қабылданғанын бұқаралық ақпарат құралдарының бетінен оқып отырмыз. Қанша адам болса сонша пікірдің қатар жүретіні о бастан белгілі дүние. Иә, әділетті қоғам бір күнде орнықпайды. Дейтұрғанмен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен батыл бетбұрыстар жасалып, байыпты бастамалар қолға алынып жатыр. Ендігі кезекте әрбіріміз азаматтық жауапкершілігімізді терең сезініп, құқықтық нормаларды қатаң сақтауымыз керек. Сонда ғана мемлекет алға қадам басады. Азаттықтың алтын арқауы бола білген Ата Заң күні құтты болсын! Еліміз өсіп-өркендей берсін! Самат ТОҚБАНОВ, журналист, Сарысу ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар