Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Антикор еріктілері оқу орындарының жатақханаларына қоғамдық бақылау жүргізді

Антикор еріктілері оқу орындарының жатақханаларына қоғамдық бақылау жүргізді
ашық дереккөз
Антикор еріктілері оқу орындарының жатақханаларына қоғамдық бақылау жүргізді
Антикор еріктілері «AMANAT» партиясы мен облыстық білім басқармасымен бірігіп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жатақханаларына қоғамдық бақылау жүргізді. Бақылау барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, Жамбыл политехникалық жоғары колледждерінің және Тараз политехникалық колледжінің жатақханаларының жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізілді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледж жатақханаларында студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал Тараз политехникалық колледжінің жатақханасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ескі жиһаздары бар екендігі, сондай-ақ, техникалық жарақтандырылуы жағынан да бірқатар мәселелер бар екені анықталды. Ол бойынша колледж әкімшілігіне тиісті кемшіліктерді жою туралы ұсыныс енгізілді. Колледж басшылығы өз кезегінде аталған сын-ескертпелерді оқу маусымы басталғанға дейін жоятынын жеткізді. Топ мүшелері жаңа оқу жылы басталып, студенттер толық қоныстанған соң да жатақхана жағдайына қайта бақылау жүргізетінін айтты. Себебі, сапалы маман дайындау үшін алдымен оларға қолайлы жағдай жасалу қажет.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар