Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1424-call орталығының номері қала тұрғындарының назарында

1424-call орталығының номері қала тұрғындарының назарында
ашық дереккөз
1424-call орталығының номері қала тұрғындарының назарында
Волонтерлық жобасы аясында Антикор еріктілері Тараз қаласындағы «Нұрислам» сауда орталығында азық-түлік және тауар өнімдерінің сыртына Агенттіктің 1424-call орталығы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында әзірленген таратпа материалдарын орналастырды. Бұл іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарын жемқорлыққа қарсы күреске жаппай шақыру, жемқорлық әрекеті орын алған жағдайдағы іс-әрекеттерге бағыт-бағдар беру, Агенттіктің колл орталығының нөмірін танымал ету. Акция басталғаннан бері 3000 астам стикерлер жабыстырылды.

 width= Осылайша, «Firkan city» сауда орталығынан кейінгі қаладағы екінші ірі сауда орталығы осы акцияға үлес қосуда. Бұл бағыттағы жұмыс басқа да сауда орталықтарында жүргізілетін болады. Құрметті облыс тұрғындары, егер де Сіздер қандай да бір сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылыққа тап болсаңыздар, Агенттіктің 1424-call орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз!

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар