Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Тазалық пен адалдық – адамдықтың қасиеті» жобасы бастау алды

«Тазалық пен адалдық – адамдықтың қасиеті» жобасы бастау алды
ашық дереккөз
«Тазалық пен адалдық – адамдықтың қасиеті» жобасы бастау алды
Тазалық пен адалдық құндылықтарын насихаттау мақсатында Тараз қаласында тың жоба бастау алды. Алғашқы іс-шара 8 мөлтек ауданында өтіп, жоба барысында көп қабатты тұрғын үйлерінің ауласында спорттық, мәдени-көпшілік, үгіт-насихаттық және аула тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Басты мақсат – қала тұрғындары арасында тазалық мәдениетін көтеру, қала тазалығын сақтауға шақыру, таратпа материалдарын үлестіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара нәтижесінде Департамент басшылығы акцияға белсенді қатысқан азаматтарға алғыс айтып, қала тазалығына үлес қосқан қала тұрғындары қала әкімдігінің алғыс хатымен және спорттық жарыстар жеңімпаздары спорт бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Қалалық мәдениет бөлімінің өнерпаздары қала тұрғындарына концерт ұйымдастырса, спорт бөлімі ауланың жастары үшін спорттың түрлі бағыттары бойынша жарыстар ұйымдастырып, жобаға белсенді қатысты. Жоба аясында тиісті жұмыстар қаланыңбасқа да аумақтарында өз жалғасын табатын болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар