Тимурдың тың бастамасы
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдаған болатын. Кейін белгілі режиссер ел Президентімен қандай тақырыпта сөйлескенін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Айтуынша, режиссер Қазақстанда біздің цифрлық өміріміз туралы баяндайтын скринлайф жанрындағы жаңа кино тілін дамытуға ниетті.
«Біз мен үшін, Президент үшін ең қызықты тақырыптарды талқыладық. Қазақстанның әр өңірінде креативті индустрия орталықтары болуы үшін оны қалай дамытуға болатынын талқыладық. Бұл мен үшін қызықты. Өзім Атыраудан, шағын қаладан келдім. Елдің кез келген жерінде көмектесуге лайық, өз армандарына жетуге тиіс талантты адамдар бар екеніне сенімдімін. Мен және менің компаниям Қазақстанда скринлайф деп аталатын тілді дамыту үшін көп нәрсе жасай аламыз деп үміттенемін. Бұл – біздің цифрлық өмірімізді баяндайтын жаңа кино тілі. Бұл экран, интерфейс әлемінде өзімізді қалай көрсетеміз, қалай армандаймыз, сол туралы», деді режиссер Т.Бекмамбетов.
Келесі мақала