Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

БЕРЕКЕЛІ  ЖӘРМЕҢКЕ
ашық дереккөз
БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ
Жуырда Тараз қаласындағы «Grand Bazaar» сауда кешенінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Кезекті жәрмеңкеге Байзақ, Жуалы, Меркі, Қордай, Шу аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген. Тұрғындарға құны 21,6 миллион теңгені құрайтын 36,3 тонна ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 6,2 тонна ет, 2,5 тонна шұжық өнімдері, 4 тонна сүт өнімдері, 6 мың жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2 тонна макарон өнімдері, сондай-ақ 15,4 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері нарық бағасынан 20-30 пайызға арзан саудаланды. Ауылшаруашылық өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Барлығы арзандатылған өнімдерге қызығушылық танытты. – Өзім № 5 ықшамауданда тұрамын. Қазір өзіңіз білетіндей, қысқа дайындалу кезеңі. Барлығы банка жабуға асық. Базарға баруға мүлдем уақыт жоқ. Жәрмеңке жұмыс орныма жақын болғандықтан тездетіп өзіме қажетті ас өнімдерін алып кеттім. Барлық өнімдер арзан, ең бастысы табиғи әрі халыққа қолжетімді, – дейді қала тұрғыны Айнұр Рахманова. Айта кету керек, жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар