Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АГРАРШЫЛАРДЫҢ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ

АГРАРШЫЛАРДЫҢ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ
ашық дереккөз
АГРАРШЫЛАРДЫҢ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ
«Respublica» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров Жамбыл облысына сапары барысында ағын судың жетіспеушілігінен егіні зардап шеккен аграршыларға шығынды өтеу мәселесін көтерді. Шаруалар депутатқа ылғалдың жетіспеушілігіне байланысты төтенше жағдайды енгізу, егістіктің толық ала алмауларына байланысты шығындарды компенсациялау мәселесін шешуге ықпал етуін сұраған болатын. Мәжілісменнің бастамасы қолдау тапты. Премьер-Министр Әлихан Смайылов облыс аграршыларымен кездесу барысында құрғақшылықтан зардап шеккен жамбылдық аграршылардың шығыны өтелетінін айтты. Қыркүйек айының соңына дейін барлық есептеулер толығымен жасалып, қаржы бөлінеді. Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, суды нақты бөлу мен есепке алуға мүмкіндік беретін «Жасөркен» өлшеуіш стансасын қалпына келтіруге Үкімет резервінен 450 миллион теңге бөлу тапсырылды. Жұмыс биыл басталады. Аграршылардың ұңғымаларды бұрғылауға кеткен шығындарын өтеу үлесін қазіргі 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда. 2025 жылға дейін инфрақұрылым нысандарын жөндеу және 14 жаңа су қоймасын салу есебінен 54,9 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда облыстағы суармалы жер көлемі 181,8 мың гектарды құрайды. Аяулым Жаманқара
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар