СУДЬЯ КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді.
Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдікке ілінді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы, 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Келесі мақала