Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСАҒАН

16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСАҒАН
ашық дереккөз
16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСАҒАН
Тараз қалалық полиция басқармасының 1-полиция бөліміне жергілікті тұрғын 2022 жылдан 2023 жылға дейін пәтерін жалға алған ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау арқылы сеніміне еніп, оның ақшасын пайыздық қарыз түрінде иемденгені туралы шағымданған. Сонымен бірге ол ұлын мемлекеттік қызметке орналастыруға және сот ісін жүргізуге көмектесуге уәде берген. Келтірілген шығын – 15 936 930 теңге. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, облыс орталығының 26 жастағы жұмыссыз тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе осы құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар