Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖЕР УЧАСКЕСІ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН

ЖЕР УЧАСКЕСІ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН
ашық дереккөз
ЖЕР УЧАСКЕСІ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті 2023 жылы жер қойнауын пайдалану саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскесін заңсыз беру дерегін анықтады. Шу ауданының бұрынғы лауазымды тұлғалары тиісті функцияларының жоқтығына қарамастан әкімдіктің 2021 жылғы 3 шілдедегі №302 қаулысымен «Медео» серіктестігіне 18 жыл мерзімге құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін жалпы ауданы 1,69 гектар жер учаскесіне жер пайдалану құқығын берген. Департаменттің араласуынан кейін Шу ауданы әкімдігі аталған жер учаскесін мемлекет иелігіне қайтарды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар