«Шәкен шыңы»
Жамбыл ауданының 95 жылдығы мен ҚР Мемлекеттік Туының авторы Ш.Ниязбековтің 85 жылдығына орай Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының
ұйымдастыруымен, Жамбыл облысының альпинизм федерациясы және «Геккон» спорттық-туристік клубының қолдауымен «Шәкен шыңы» атты спорттық-туристік альпиниадасы өткізілді.
12 адамнан тұратын альпинистік топ Т.Рысқұлов ауданы арқылы Қырғыз Алатауының батысында орналасқан биіктігі 3 500 метрді құрайтын «Жарлысу тауы» шыңының маңына келіп тоқтады. Топқа қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді. 20 тамыз күні сағат 14:30-дар шамасында альпинистік топ толығымен «Жарлысу тауының» шыңын бағындырып, атауы жоқ шың «Шәкен Ниязбеков шыңы» деп аталды. Альпиниада соңында шың бағындыруға қатысқан 5 адамға Алғыс хат табысталды.
Альпиниада мақсаты – жастарды тау спортына тарту, елімізде туризм саласын дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Келесі мақала