Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Электр бағаналары жаңғыртылуда

Электр бағаналары жаңғыртылуда
ашық дереккөз
Электр бағаналары жаңғыртылуда
Электр қуатын пайдаланбайтын адам жоқ. Жаз мезгілінде электр энергиясына деген сұраныс күрт өсетіні де жасырын емес. Тоңазытқыш, теледидар, компьютер сынды адам өмірін жеңілдетуге арналған құрылғылардың жұмысы электр энергиясының көмегімен іске асады. Электр сымдарын ұстап тұратын бағаналардың да осы ретте атқаратын рөлі маңызды. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополиялар департаменті қағидаларының 361-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның сомасын түзетуді назарға алып, арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Баспасөз турында ескірген электр бағаналарының жаңартылған нұсқасы көрсетілді. Оған Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Руслан Мырқалықов пен Нариман Мәуленов, «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының қаржы және экономика мәселесі бойынша орынбасары Бауыржан Көрпебаев және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері де шақырылды. Нақтырақ айтсақ, «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары инвестициялық бағдарламаның жобасын іске асыру бағытында атқарып отырған жұмыстарымен таныстырды. Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылындағы электр энергиясын тарататын сымдар мен ағаш бағаналар елу жылдан аса уақыттан бері қолданылып келеді. Қазір бірқатары жаңасына ауыстырылып жатыр. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру электр энергиясын тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. «Жамбыл электр желілері» ЖШС-ның 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің бірлескен бұйрығымен 5 740 474 мың теңгеге бекітілген. Оның ішінде 1 131 632 мың теңгесі биылға қарастырылған. Биылғы шілдедегі №48-НҚ бірлескен бұйрыққа сәйкес жалпы сомасы 1 500 432 мың теңгеге түзетіліп, осыған байланысты 2023 жылға арналған «Жамбыл электр желілері» серіктестігі инвестициялық бағдарламаны түзетуге облыс аудандары бойынша 6-10/0,4 кВ электр беру желілерін реконструкциялайды. Бүгінде инвестициялық бағдарлама бойынша Қаратау қаласында 110/6/6кВ «Қаратау-2» операциялық тоқты басқару шкафын орнату, арнайы техника сатып алу жұмыстарын жүргізіп, «ЖЭЖ» ЖШС Тараз қаласы мен облыс аудандары бойынша әуе желілері -0,4 кВ электр беру желілерін қайта жаңартуды жалғастыруда. Мекеменің маңызды міндеттерінің бірі – халықты электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету. Жыл басында -0,4 кВ әуе желілерінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Тараз қаласы мен аудандарда ағаш бағаналарды жаңа темір бетоннан жасалған бағанаға және жалаңаш сымдарды оқшауланған түріне ауыстыру қажеттігі анықталды. Өйткені олар 60-70-жылдары салынғандықтан тозығы жеткен. Бүгінгі таңда инвестициялық бағдарлама аясында аталған серіктестік мердігер ұйымды тарта отырып, Тараз қаласының және қала маңындағы учаскенің жалпы ұзындығы 10,29 шақырым болатын -0,4 кВ әуе желілерін қосымша құн салығынсыз жалпы сомасы 102 432,394 мың теңгеге қайта жаңартуды жүргізуде. Дайындаған Эльмира БАЙНАЗАРОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар