Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АУДАНДЫҚ «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ өз мәресіне жетті

АУДАНДЫҚ «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»  БАЙҚАУЫ өз мәресіне жетті
ашық дереккөз
АУДАНДЫҚ «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ өз мәресіне жетті
Ауданда алғаш рет ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» байқауы өз мәресіне жетті. Екі айдан аса уақыттан бері аудандық мәдениет үйінде апта сайын өнерпаздардың тартысты әрі қызыққа толы өнерімен өткен байқауға 18 жұп қатысқан болатын. «Ел іші – өнер кеніші» деген. Жобаның мақсаты ел ішіндегі өнерпаздарды анықтау, шығармашылық қолдау көрсету. Әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Осы кезеңге дейін үміттерін үкілеп, жүректері лүпілдеп, қатарластарынан оза шауып, әділқазылар тарапынан берілген тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындап шыққан тоғыз жұп байқаудың қорытынды гала-концертінде өз өнерлерін көретті. Байқаудың қорытынды гала-концертіне аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. – Халық даналығында «Өнер – ұлттың жаны», деген сөз бар. Біздің Сарысу өңірі де – киелі өнердің мекені. Қаншама өнер қайраткерлері, дарынды тұлғалар шыққан өлке. Ән мен күйдің елі. «Екі жұлдыз» байқауы осыны тағы бір дәлелдеді. Осы жобаға қатысқан барлық жұп өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып дайындалды. Өз өнерлерін ортаға салды. Барлығы да жақсы өнер көрсетті деп ойлаймын. Өнерде де, өмірде де жұлдыздарыңыз жана берсін, – деді аудан басшысы өз сөзінде. Байқауға қатысушылар бірі үйретуші, бірі үйренуші ретінде жұптасып, осы уақыт аралығында өздерін жан-жақты қырларынан таныту үшін аянып қалған жоқ. Әділқазылар алқасына да бірінен-бірі асып түсіп жатқан өнерпаз жұптардың өнерін бағалау оңайға түспеді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Мөлдір Мұсаева мен Нұршаш Ермаханова жеңіп алды. Жүлделі І орынды Жадыра Дәукенова мен Балнұр Өксікбаева қанжығасына байлады. Жүлделі ІІ орынды Берік Серікбаев пен Гүлдана Жанболатқызы иеленді. Мәреге қатар келген екі жұп Әмірғали Бақытов мен Самат Тоқбанов және Дархан Дәуітбеков мен Бекнұр Қыдырәлиев ІІІ орындарға ие болды. Жайылма ауылынан келген жұп Самат Белеев пен Нұржан Тыныштықбеков, жаңатастық Ерлан Егешов пен Бағила Шаянбаева, Өндіріс ауылынан келген Ағағали Жолмаханов пен Асу Нұртанов, аудан орталығынан шалғайда жатқан Қамқалы ауылынан келген Қуаныш Амантаев пен Ақбота Сқақова ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Байқау жеңімпаздарына марапатты аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев табыс етті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, қаржылай және заттай сыйлықтармен марапатталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар