Жаңалықтар
Облыс әкімінің өкіміне сәйкес Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды
- author AR-AY
- 22 тамыз, 2023
- 313
Облыс әкімінің өкіміне сәйкес Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды
Гүлдана Әлімжанқызы 1976 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инфрақұрылымдағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің есепшісі болып бастаған.
Әр жылдары Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің экономисі, облыс әкімдігі білім басқармасының бас маманы, орталықтандырылған бухгалтериясының экономисі, білім беру департаментінің бөлім бастығы, мәдениет басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, білім басқармасының бөлім бастығы, басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2017 жылғы қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
Келесі мақала