Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ТӨТЕП БЕРЕ АЛАМЫЗ БА?

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ТӨТЕП БЕРЕ АЛАМЫЗ БА?
ашық дереккөз
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ТӨТЕП БЕРЕ АЛАМЫЗ БА?
Алда тілсіз жаудың бірі саналатын өрт қаупі едәуір артатын жаз мезгілі және жеке адамның басына қауіп-қатері көп шомылу маусымы келе жатыр. Яғни жадыраған жаздың жайма-шуақ күнімен қатар, қатері де аз емес. Мәселен, былтыр шомылу маусымында 3 оқиға тіркеліп, 4 адам қайтыс болыпты. Әрине, апат айтып келмейді. Қашан болатынын да нақты ешкім біле алмайды. Бірақ сол орын алуы ықтимал табиғи жағдайға әзір болу, алдын алу – тілсіз апаттардан сақтанудың бірден-бір жолы. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаевтың айтуынша, сала мамандарының жанкешті еңбегінің арқасында есепті мерзімде облыс аумағындағы су айдындарында оқыс оқиға тіркелмепті. – Жыл сайын төтенше жағдайдың алдын алу үшін жоспарымызға сәйкес жұмыс істейміз. Облыс тұрғындарына өрттен қалай сақтану турасында «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбы аясында арнайы сабақ өтіп тұрамыз. Сонымен қатар облыстағы 435 оқу орындарында акциялар да өткізілуде. Сондай-ақ шомылу маусымында қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында телеарналардан да ата-аналарға сақтық шараларын сақтау керек екенін ескертіп отырамыз. Сонымен қатар облыстағы демалу және шомылуға қауіпті су айдындарында, жабдықталмаған учаскелерде «Қауіпті аймақ», «Шомылуға тыйым салынған» деген секілді екі жүзден астам ескертетін, тыйым салатын белгілер және 45 ақпараттық стендтер орнатылды. Жазғы шомылу маусымында облыс аумағындағы су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары жалғаса береді, – дейді Ермек Момбаев. Ал департаменттің есебі бойынша облыс аумағында 13 680 объекті есепке алынып, 2 257-сі өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары қатер тобына, 11 423-і маңыздылығы шамалы қатер тобына жатқызылған. Алдағы уақытта облыс аумағындағы екі мың және одан да астам халқы бар шалғай орналасқан 36 елді мекенде өрт бекеті құрылады. Қазірге дейін аймақта 12 өрт сөндіру бекеті құрылып, қызмет атқарып келеді. Ал облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының іс-шаралар жоспарына 13 елді мекенде өрт сөндіру бекеттерін құру жұмысы енгізіліпті. Жалпы облыстық төтенше жағдай департаментінің берген ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы ғарыштық мониторинг жүргізу мақсатында облыстық бюжеттен 5 миллион 830 мың теңге бөлінген. 1 мамырдан бастап орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары күніне 3 рет облыстың мемлекеттік орман қоры аумағын, жалпы көлемі 3,048 миллион гектар жерді «Қазавиаорманқорғау» РМҚК авиатехникасымен ұшу арқылы әуеден күзетуді бастапты. Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ авиатехникасымен облыс аумағындағы өрт қаупі бар учаскелерді аралап шығу және олардың өртке қарсы жағдайына мониторинг жүргізу үшін биылғы жылы 49 миллион 478 мың теңге бөлінген. Ал орман қорының аумағын өрттен қорғау жұмыстарын жүргізуге 86 миллион теңге бөлінген. – Орман және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы мекемелерде 15 өрт сөндіру стансасы құрылған. Өткен жылы өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес 4 шалғай елді мекенде өрт сөндіру бекеті орнатылды. Биыл тағы да Жуалы ауданының Ақтөбе ауылында, Мойынқұм ауылында, Талас ауданының Ойық ауылында 3 өрт бекетін орналастырамыз. Ал енді ауылдық округтерде 2 128 адамнан құралған топ жұмыс істейді. Сонымен қатар табиғи өрттердің алдын алу мақсатында жалпы саны 82 адамнан тұратын 16 бірлескен мобильді топ құрылды, – дейді Ермек Жамбылұлы. Жалпы өрт қауіпсіздігі – адам өмірінің қауіпсіздігі. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері ғана емес, бүкіл ел болып алдын алуға жұмылуы керек.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар