ТҰРҒЫНДАРДАН САУАЛНАМА АЛЫНУДА
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жатыр.
Жобаның мақсаты – Жамбыл облысының діни ахуалына талдау жүргізуде көрсеткіштерді анықтау, өңірдегі діни ахуалдың деңгейі және конфессиялық бағытын анықтау, тұрғындардың басқа дінге өтуіне қатысты әсерлер факторларын зерделеу, радикалды діни идеологияға ұшыраған облыс тұрғынына талдау жүргізу, дін саласындағы тұрақсыздану факторларын анықтау, төзімділік, конфессияаралық шиеленісу мен жанжалдың болжамды деңгейіне талдау жасау, дін саласында мемлекеттің саясатын қолдау деңгейіне анықтау және талдау, облыстағы ата-ана мен баланың арасындағы діни жағдайға байланысты қарым-қатынасты анықтау, интернеттегі (әлеуметтік желілердегі) діни тақырыптардың тұрғындарға қаншалықты әсер етіп жатқанын анықтау.
Жоба аясындағы зерттеу жұмыстары «Дін проблемаларын зерттеу орталығымен» бекітілген сауалнама арқылы жүргізіледі. Егер де сіздің үйіңізге аталған қордан волонтерлер келген жағдайда түсіністік танытып, шынайы жауап бергейсіз.
Айта кетейік, аталған сауалнама Тараз, Шу қалалары және барлық ауданнан жалпы саны 2000 респонденттен алынатын болады. Қазіргі уақытта Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары тұрғындарынан 830 сауалнама алынды.
Келесі мақала