Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СОТТАЛУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

СОТТАЛУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
ашық дереккөз
СОТТАЛУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
Тараз қаласындағы қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемелерінде оңалту жұмыстары жүргізілуде. «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» «Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты – түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтардың арасында дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушылар арасында дін мамандарын тарта отырып оңалту жұмыстарын қолға алу. Жоба аясында Тараз қаласы бойынша 10 дінтанушы маманмен бірге жазасын өтеп жатқан азаматтардың арасындағы дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар жыл соңына дейін республикаға танымал 6 дінтанушы маманды шақырып, қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемелерінде семинарлар ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Нұржат Стамбакиев 158/2 және 158/7 түзету мекемелерінде оңалту жұмыстарын жүргізіп, жеке және топтық кездесулер өткізді. Абзал МҰҚАТАЕВ, «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының төрағасы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар