Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қордайда 320 орындық мектеп ашылды

Қордайда 320 орындық мектеп ашылды
ашық дереккөз
Қордайда 320 орындық мектеп ашылды
Елімізде мектепке дейін және орта білімді дамыту реформалары жыл сайын қарқын алып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та балалардың білім сапасын көтеруге назар аудару керектігін айтып келеді. Ал еліміздің қалталы азаматтары болса, өз ауылдарында сапалы білім ошақтарын салуға күш салуда. Мұның бәрі де қуанарлық жағдай. Қордай ауданында ашылған Талғат Нүсіпбаев атындағы жекеменшік мектепте сол сөзімізді дәлелдей түседі. 320 оқушыға арналған екі қабатты бұл мектептің құрылысын салуға 2 миллион доллардан аса қаражат жұмсалған. Бұл қаржының бәрін де Талғат Нүсіпбаев әулеті өз қалталарынан шығарған. Барлық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған мектеп балалардың білім алуына барлық мүмкіндіктерді жаратып қойған. – Әкем Марқұм Талғат Бақытбайұлы осы мектепті салуды армандап жүргенде дүниеден озды. Бүгін сол кісінің арманын орта жолда қалдырмайық деп жүзеге асырып отырмыз. Бұйырса, осы мектептен Әл-Фараби, Абай сияқты ғұламалар шықса, онда әкеміздің аруағының риза болғаны сол деп білеміз. Сондықтан ел игілігі үшін салынған бұл мектептен осы еліміздің атын шығаратын ұл-қыздар шыға берсін, – деді Нұржан Талғатұлы. Мұнан соң мектеп құрылтайшысы Нұржан Талғатұлы қонақтарға алғысын білдіріп, білім ордасының символикалық кілтін мектеп директоры Күлсімхан Үркімбайқызына тапсырды. Талғат Нүсіпбаевтың немерелері алғашқы қоңырауды соқты. Айта кету керек, мектептің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Талғат Нүсіпбаевтың ұстазы Төле Сүгірбай және ауыл тұрғындары қатысты. Ұзақ жыл ел үшін еңбек етіп, терін төккен Талғат Бақытбайұлының артында екі ұл, бір қызы қалды. Ұлдары Бекежан мен Нұржан бүгінгі мектептің салынуына өз күш- жігерлерін жұмсап, ел ертеңі үшін еңбектенуде. Аталған мектептің ашылу салтанатынан кейін ұлдары мен жары Талғат Нүсіпбаевтың рухына арнап ас берді.

Шапағат ӘБДІРҰЛЫ, Қордай ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар