Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨРІСІ МОЛ ӨЛКЕ

ӨРІСІ МОЛ ӨЛКЕ
ашық дереккөз
ӨРІСІ МОЛ ӨЛКЕ
«Қыстың қамын жазда ойла» деген дана халқымыз. Қазір қай аймақта болсын шаруаның қызып тұрған шағы. Қар еріп, көктем айы басталған сәттен ауыл тұрғындары алдағы келер қыстың дайындығына кіріседі. Жер жырту, егін егу, тұқым дайындау секілді толып жатқан жұмыстар. Бүгінде сол еккен дәннің пісу мезгілі де таяды. Бүгінде Президенттің тапсырмасына сәйкес Байзақ жерінде ауылшаруашылық саласы бойынша атқарылған жұмыстар көп. Айтар болсақ, осы жылдың 6 айында біраз шаруа тындырылды. Биыл мамыр айында ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 12 миллиард, 079,9 миллион теңгені құраған. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 117,3 пайызға өскен. Осы жылдың 6 айында 13 миллирд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Жылдық жоспар – 61 миллиард, 489,7 миллион теңге. – Ал ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі осы жылдың мамыр айында 4 миллиард, 198,4 миллион теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында 290,7 пайыз. Биылғы 6 айда 7 миллиард 350 миллион теңгеге жеткізілді. Жылдық жоспары 14 миллиард, 605 миллион теңге, – дейді аудан әкімдігінің баспасөз жетекшісі Айнұр Омарова. Сондай-ақ оның айтуынша, аймақтағы егіншаруашылығындағы жалпы егістік жердің көлемі осы жылы 60 865 гектарды құрайды. Оның 29 411 гектары суармалы, ал 31 455 гектары жалпы шаруашылыққа арналған. Биылғы жылдың өнімі үшін ауылшаруашылық дақылдары жалпы 59 910 гектар алқапқа орналастырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 358 гектарға артық. Шаруашылықтың көркін қыздырып, қырманымызды дәнге толтыратын дарқан даламыз қашанда қолымызды құр қайтарған емес. «Не ексең – соны орасың» демекші, биыл Байзақ ауданы 8 750 гектарға күздік бидай, сонымен қатар 12 800 гектарға жаздық арпа, 2 100 гектар дәндік жүгері, 50 гектарға дәнді бұршақ, 1500 гектарға мақсары, 2 350 гектарға қант қызылшасы, 700 гектарға картоп, 7 610 гектарға көкөніс-бақша және 24 050 гектарға мал азықтық дақылдарын еккен. Соның ішінде осы жылғы қант қызылшасы дақылын 42 шаруашылық жалпы 2 350 гектар егіс алқапқа орналастырды. Қант қызылшасы дақылының 1 205 гектар егіс алқабына су үнемдеу технологиясы енгізілді. Оның 870 гектарына жаңбырлатып суару әдісі қолданылды. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов: «Соңғы жылдары шаруашылықтардағы жаңа технологиялар енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары су үнемдеу технологиясын былтыр 6 210 гектар алқапқа енгізсе, оның 2 972 гектары жаңбырлатып, 3 238 гектары тамшылатып суғарылды. Осы жылы су үнемдеу технологиялары 6 980 гектар алқапқа енгізілді. Биыл ауданға ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға жалпы құны 749,2 миллион теңге қаражат жұмсалды. Сатып алынған 75 жаңа техниканың 27-сі трактор. Қалған 48-і әртүрлі техникалар Бүгінгі күні техника жаңарту көрсеткіші 5,2 пайызды құрап отыр», дейді. Бұл техникаларға жан бітіретін дизель отынына тоқталар болсақ, көктемгі дала жұмыстары мен ауылшаруашылығы тауарларын өндіруге 1040 тонна дизель отыны кепілдендірілген. Ал ауылшаруашылығы басқармасымен бекітілген дизель отынының 980,9 тоннасы операторларға жеткізілді. «Тараз VIP Сервис» және «Азия Нефтепродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен келісімшарт жасалды. Жеткізілген дизель отынына 235 шаруашылықтан 980,9 тоннаға өтінім түсіп, 231 шаруашылық 980,9 тонна дизель отынын алды. Дизель отыны 204 теңгеден босатылды. Егілген дәнімізден мол өнім алу үшін қара жердің де жағдайын жасау міндетіміз. Құр топырақтан қажетті өндіріс алам деу – бекершілік. Осы жылы ауданға жалпы 4749,3 тонна минералды тыңайтқыш алуды жоспарлаған. Оның 2640,1 тоннасы – азотты, 844,6 тоннасы – фосфорлы және 1264,6 тоннасы басқа да тыңайтқыштар. – Бүгінгі күнде аудан бойынша алынған минералды тыңайтқыштардың барлығы 4472,5 тоннаны құрап отыр. Оның ішінде азоттысынан – 3464,8, фосфорлысынан – 1215,3, басқа түрлерінен 792,5 тонна тыңайтқыш алынып, 18 440,3 гектарға қолданылды. Арзандатылған минералды тыңайтқыштар алу бойынша 162 шаруашылық 3 590 тоннаға келісімшартқа тұрып, 2526,5 тонна тыңайтқыш алынды. Оның ішінде 956,3 тоннасы – аммиакты селитра. Ал 1215,3 тоннасы аммофос және 355 тоннасы басқа да тыңайтқыштар. Тыңайтқыш енгізілген алқап 6316,3 гектарды құрайды. Шаруашылықтар тарапынан минералды тыңайтқыштарды алу жұмыстары жалғасып жатыр, – дейді Б.Қазанбасов. Бүгінде байзақтықтар малшаруашылығында да ілгерілеп, дамып келеді. Төрт түліктің санын арттырып, жылдан-жылға оның көбеюіне көп үлес қосып отыр. Жалпы бұл салада ауыл тұрғындарының атқарған жұмысы мол. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл мамыр айында мүйізді ірі қараның саны 104,3 пайызға артып, 53 007 басқа көбейген. Ал қой мен ешкі саны 407 113, жылқы 19 977, түйе саны 1 300-ге өскен. Ауылшаруашылық саласының тағы бір бөлшегі – құсшаруашылығы. Байзақ ауданында биыл құстар саны 1 058 107-ні құрап, 95,5 пайызды көрсетті. Мұндағы құс санының кему себебі, аудан көлеміндегі құс фабрикалары ет өнімін көбейтті. Өткен жылдың 6 айлық қорытындысы 104 пайыз еді. Аудан бойынша 8543,4 тонна ет, 9707,1 тонна сүт және 2 миллион 75 мың жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал өнімдерінің барлық түрі артық өндіріліп отыр. Ауылшаруашылық саласын несиелендіру бағдарламалары бойынша айта кетер болсақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру жұмыстары да атқарылып жатыр. Осы жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалық жалпы сомасы 73,4 миллион теңге несие алды. Атап айтқанда, «Рият», «Шарафуддин», «ПХП», «Телекеев», «Бірлік», «Сұлтан» шаруа қожалықтары мен «Агрохолдинг Aspan» ауылшаруашылығы кооперативі қаржылай қолдауға ие болды. Ауылшаруашылық саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да шаруашылықтар субсидия алуда. Биылғы жылдың 5 айында аудан бойынша 232 шаруашылық жалпы сомасы 899,6 миллион теңге субсидияға қол жеткізді. Атап айтқанда, малшаруашылығы субсидиясына 213 шаруашылық 434,4 миллион теңге, инвестиция субсидиясына 11 шаруашылық 373,7 миллион теңге, егіншаруашылығы субсидиясына 7 шаруашылық 52 миллион теңге, қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін субсидиясына 1 шаруашылық 39,5 миллион теңге субсидияға құжаттарын өткізіп жатыр. Және оны төлеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Бұл саладағы инвестициялық жобалар бойынша айтар болсақ, ауылшаруашылық саласында былтыр жалпы құны 612,2 миллион теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес 46 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жылға жалпы құны 2 миллиард 30 миллион теңгені құрайтын 21 жоба жоспарланып отыр. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес жалпы 125 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Бүгінгі күнде жалпы құны 930 миллион теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылып, 35 адам жұмыспен қамтылды. Ауыл экономикасын көтеруге арналған қолдаулар мемлекет тарапынан көрсетілуде. Ел болып еңбек етіп, жұрт болып жұмылу баршаға бірдей парыз. Бүгінде байзақтықтар берекенің бесігі ауыл екенін іспен дәлелдеп келеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар