Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әскерилер дене дайындығы байқауында шеберліктерін көрсетті

Әскерилер дене дайындығы байқауында шеберліктерін көрсетті
ашық дереккөз
Әскерилер дене дайындығы байқауында шеберліктерін көрсетті
ҚР Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде дене даярлығын ұйымдастырудан байқау-конкурстың соңғы кезеңі өтіп жатыр. Бұл байқау жауынгерлік және басқа да міндеттерді мақсатқа сәйкес орындау үшін әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейін арттыруға бағытталған. Жарысқа Қарулы Күштердің өңірлік қолбасшылықтары мен әскери тектерінің қолбасшылары, бригадалар, полктер, отрядтар, базалар, әскери полиция басқармалары, әскери-оқу орындары басқармаларының әскери ұжымдары қатысуда. Конкурсты Қарулы Күштер Бас штабының жауынгерлік даярлық департаменті ұйымдастырды. Жақында штаб өкілдері «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының бөлімшелеріндегі жұмысын аяқтады. Әскери бөлімдерді аралау барысында мамандар дене даярлығын ұйымдастыру сапасын, спорт кешендерінің, спорт қалашықтарының жай-күйін, құжаттамаларды және әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейін тексерді. Сонымен қатар Қарулы күштер түрлері бас қолбасшылықтары басқармаларының, қолбасшылықтар басқармаларының тікелей бағынысты бөлімдері және әскери бөлімдердің мекемелер мен жоғары оқу орындары ауқымындағы дене даярлығының жай-күйі зерделенді. – Дене шынықтыруды үздік ұйымдастыруға арналған бұл байқау жыл сайын өткізіліп келеді және әскери қызметкерлердің дене дайындығының деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Әскери қызметшілердің спортпен белсенді айналысып, шын мәнінде үздік екендіктерін дәлелдеуге үлес қосып жүргенін дәл осындай шаралардан анық байқауға болады, – дейді жауынгерлік даярлық департаменті дене шынықтыру бөлімінің аға офицері майор Олжас Сердалиев. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына дене дайындығын ұйымдастыру бойынша байқаудың ақтық кезеңінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының басқармасы, 12740 әскери бөлімі – Сарыөзек кентінің механикаландырылған бригадасы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы (б/б 63563), байланыс полкі (в/б 28903) және тау-кен қорықшы полкі (91678 б/б) қатысты. Барлық әскери қызметшілермен бірге дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді әскери бөлімдердің командирлері де тапсырды. Бұл қолбасшылықтың бөлімшелерде дене шынықтыру дайындығына көп көңіл бөлінетінінің айқын мысалы болды. Әскери бөлімдерге сапар барысында Жауынгерлік даярлық департаментінің өкілдерін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінде дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыруға жауапты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасының офицері, капитан Темір Жакиев ертіп жүрді. Ол аталмыш сайыстың соңғы кезеңінің процесін қобалжи отырып қадағалады. Өйткені оның атқарған жұмысы бағаланды. Санкт-Петербург әскери дене шынықтыру институтының түлегі Капитан Темір Жақиев дене шынықтыру бөлімінің басшысы қызметіне кіріскеніне көп бола қойған жоқ. Алайда қысқа уақыт ішінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде дене шынықтыруды ұйымдастыруды нығайтуға айтарлықтай үлес қосты. Әскери ұжымдарда дене шынықтыруды жоғары ұйымдастырудың негізгі көрсеткіші – әскери қызметшілердің дене шынықтыру бойынша нормативтерді дұрыс және сапалы орындауы болып саналды. Дайындық деңгейі физикалық жылдамдық, күш және төзімділік қасиеттерімен сарапталды. Әскери қызметшілердің жылдамдығы жүгірумен қатар кедергілерден өту жаттығуларында сыналса, алып күштің әлеуеті гір тасын жұлқа көтеруде айдан-анық белгілі болы. Әскери қызметшілердің болаттай берік, темірдей төзімділігі автоматпен әртүрлі қашықтықта маршқа жүгіруде бағаланды. Бұл жаттығулардан кейін барлық әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетуге білек сыбанды.  width=  width=  width=  width=   Әскери қызметшілердің жаттығуларды орындау шарттарын білуі, олардың дайындығы мен жақсы дене бітімі әскери бөлімшелерде дене шынықтыруды ұйымдастыру деңгейін көрсетті. Бұл жүйе жақсы орнатылған жерде әскери қызметшілер өздеріне таныс жаттығуларды еш қиындықсыз орындады. Айта кетейік, байқау аясында өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері, сондай-ақ тыл бастығы және қару-жарақ басқармасы тексерілді. Үздік бригада, полкі-жасақ, бригада-полк-батальон, база-полк, әскери оқу орны, қолбасшы басқармасы, дене шынықтыру даярлығы жөніндегі әскери полиция басқармасы үшінші кезеңде айқындалады. Осылайша, мұқият іріктеуден кейін және қыркүйек айында нәтижелерді зерттегеннен кейін үздіктер аталады. Жақсы нәтиже көрсеткен командалар мен әскери қызметшілер кубоктармен және вымпелдермен марапатталады.

Дина Мухаринова Суретті түсірген Владимир Мартыненко Тараз гарнизонының баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар