Жаңалықтар
Қазақстан Париж Олимпиадасына қатысуға ресми шақырту алды
- author AR-AY
- 28 шілде, 2023
- 476
Қазақстан Париж Олимпиадасына қатысуға ресми шақырту алды
Қазақстанға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы - Париж қаласында өтеді.
Еске салсақ, 14 маусымда Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




