Жаңалықтар
                                    
                                        
                                            
                                        
                                                                                    
                                    
                                
                                Уәде беремін: Мусин интернет операторларына 4 млрд теңгеге айыппұл салмақ
- author AR-AY
 - 25 шілде, 2023
 - 398
 
                                        Уәде беремін: Мусин интернет операторларына 4 млрд теңгеге айыппұл салмақ
                                Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет операторларына жыл соңына дейін 4 млрд теңге айыппұл салуға уәде берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Айыппұлдар өте төмен болған кезде (операторлар – ред.) одан қорықпайтын. 2020 жылы біз 100 млн теңгеге дейін ғана айыппұл жазып бергенбіз. Ал биыл жарты жылдың өзінде 1,5 млрд теңгенің айыппұлын жаздық. Жыл аяғына дейін 4 млрд теңгедей анық болады, мен уәде беремін. Бұл – олардың қалтасына айтарлықтай салмақ. Сондықтан олар ойланып, белгілі бір нақты шаралар ұсына бастады», - деді Бағдат Мусин.
Оның пайымынша, министрлік айыппұлды көтерген соң операторлар да тарифті көтерді деген түсінік – жаңсақ.
«Тарифті біржақты тәртіппен көтеру мәселесі тұрған жоқ. Мәселе инвестицияның бар-жоғында. Айыппұлды көтеріп едік, олар сапаны көтеру керектігін түсінді», - деді министр.
                                
                                                Келесі мақала
                                                
                                        



