Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жұмыспен қамту жүйелі жүзеге асуда

Жұмыспен қамту жүйелі жүзеге асуда
ашық дереккөз
Жұмыспен қамту жүйелі жүзеге асуда
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан темір торға тоғытылғандарды жұмыспен қамту ісіне айрықша көңіл бөлінуде. Нәтижесінде сот үкімімен кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылғандардың қоғамға бейімделуі артып келеді. ҚАЖ қызметкерлері арнайы контингент өкілдерінің «екі қолға бір күрек» табуы үшін жеке кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, мәселенің түйінін тарқатуға да күш салуда.  width= Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде (қоныс колониясы) жазасын өтейтін азаматтардың 23-і Ж.Халиев басқаратын «Villa Строй» кәсіпкерлігінде жемісті еңбек етуде. Көбінесе құрылыс жұмыстарымен айналысатын олар (сотталғандар) техникалық қызмет көрсету орталығында да (СТО) тер төгуде. Айта кетейік, облыс орталығындағы «Атлетик» демалыс орталығына ішкі құрылыс жұмыстарын №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін азаматтар жүргізген.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар