Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ашық дереккөз
ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шекара әскерлері күзететін және қорғайтын ең қиын және жауапты нысан – мемлекеттік шекара. Шекарашылар өз елінің азаматтарының қауіпсіздігі мен өмірі үшін үлкен жауапкершілікке ие. Олар шекараны бұзу әрекеттерін тоқтатып, шұғыл қажет болған жағдайда күдіктіге бірінші болып жетеді және ең маңызды сәтте олардың кәсібилігі, батылдығы, үйлесімді әрекеттері бәрін шешеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметшілермен, мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесу бойынша үлкен жұмыс жүргізіп келеді. Осыған орай жуырда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі төрағасының орынбасары Аракси Плетнева, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова, Ауған соғысының ардагері Ермекбай Дүкенбаев үш заставада қызмет ететін шекара сарбаздарымен кездесті. Кездесулер ашық диалог түрінде еркін форматта өтті. Қатысушылар отансүйгіштік, патриотизм туралы әңгіме қозғап, қызметтері туралы да өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті. Қонақтар шекара қорғаушыларының қалай өмір сүріп, қызмет ететінін өз көзімен көрді. «Қоғамдық келісім» мекемесі ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар