ОЙЫҚ АУЫЛЫНДА САЯБАҚ АШЫЛДЫ
Талас ауданының Ойық ауылында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры мен «Qazaqgaz» газ өндіру және барлау жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен орталық саябақ қайта жаңартылып, жаңадан салынған баскетбол, волейбол және «street workout» алаңшалары халық игілігіне берілді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыру мақсатында аумағы 2,5-3 гектарды құрайтын саябақ 100 миллион теңгедей қаражатқа салынды. Енді бұл саябақ біздің ауылдың жастары мен тұрғындарының бос уақытта келіп серуендеп жүретін демалыс орнына айналмақ. Біз халықтың жағдайын жасап, ауылымызды көтеру үшін алдағы уақытта да еңбектене береміз, – деді Ойық ауылдық округінің әкімі Қайрат Ошақбаев.
Аталған саябаққа келушілердің қатары оны пайдалануға берген күннен-ақ көбейе түскен. Әрі заманауи үлгіде салынған бұл демалыс орнына орнатылған жарық жүйесі автоматты түрде күн сәулесінен қуат алады.
Ш.ӘБДІРҰЛЫ
Келесі мақала