Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЕЛДІ АЛДАУМЕН АҚША ТАБАТЫНДАР КӨБЕЙДІ

ЕЛДІ АЛДАУМЕН АҚША ТАБАТЫНДАР КӨБЕЙДІ
ашық дереккөз
ЕЛДІ АЛДАУМЕН АҚША ТАБАТЫНДАР КӨБЕЙДІ
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет кеңістігінде «Webtrader» инвестициялық компаниясының сайтына кіретін сілтеменің жиі таратылып жатқанын хабарлап отыр. Онда қысқа мерзім ішінде кепілдік берілген инвестициялық кірісті уәде еткен. Алаяқтар белгілі блогерлер мен Агенттік басшыларының есімдері мен фотосуреттерін азаматтардың барынша көбірек тарту және олардың сеніміне ие болу үшін пайдаланады. Агенттік ресми түрде Агенттік басшылары немесе қызметкерлері биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алуды ұсынбайтынын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тартпайтынын мәлімдейді. Агенттік өз құзыреті шеңберінде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуін және дамуын, оның инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді, қор нарығының және оның қатысушыларының ағымдағы жай-күйіне мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Агенттік азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың қулықтарына ермеуге шақырады. Егер сізде қаржылық алаяқтармен байланыстым деген күдік туындаса, тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет. Лицензияланған брокерлер тізімімен Агенттіктің www.gov.kz-тегі ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері брокер лицензиясындағы деректемелермен сәйкес келуі тиіс екенін ескеріңіз. Қаржы реттеушісінің интернет-ресурсында азаматтар Агенттікке шағымдармен жүгінген лицензияланбаған «инвестициялық делдалдардың» тізімі орналастырылған.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар