Тараз сервис және технология колледжінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев – жүз жасаған бәйтерек» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай өткен шараның мақсаты – жыр алыбының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, ұлттық әдеби мұраға қызығушылықты арттыру.
Кеш барысында «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылды. Сондай-ақ елдік пен ерлікке үндейтін өлеңдері оқылып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен рухани құндылығы кеңінен насихатталды.
Кітап көрмесінде ақынның ұлттық рух, ел бірлігі, батырлық пен адамгершілікті дәріптейтін шығармалар жинағы және өмірі мен мұрасын қамтитын еңбектер қойылып, қатысушыларға мазмұнды ақпарат ұсынылды.
Келесі мақала




