КҮЙ КҮМБІРІ КЕРНЕДІ
Ұлттық домбыра күніне орай облыс әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында өткен «Домбыра – дастан» мерекелік іс-шарасында қазақ күйлері күмбірледі.
Ұлттық домбыраны ұлықтауға арналған кешке К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртістері мен домбыраны жанына серік еткен 150 өнерпаз қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қала тұрғындарымен бірге концертті тамашалады.
«Домбыра party»-да Құрманғазы Сағырбайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Әбдімомын Желдібаев, Аман Малдыбаев, тағы да басқа белгілі күйші-композиторлардың шығармалары орындалды.
Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді. Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.
Айтулы мерекені ел көлемінде атап өтуде жамбылдықтар бесінші мәрте белсенділік танытып, өз үлестерін қосты.
Келесі мақала