Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Еңбек демалысына шығарда нені ескеру керек?

Еңбек демалысына шығарда нені ескеру керек?
ашық дереккөз
Еңбек демалысына шығарда нені ескеру керек?
Еліміздің баршаға ортақ Заңында барлық еңбеккердің құқығы теңдей қарастырылған. Негізінен жұмысшылардың дені еңбек демалысына жаз мезгілінде шығуды қалайтыны белгілі. Сондықтан еңбек демалысына шыққанда жұмыскерлер нені білуі керектігін көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік. Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыскердің тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шығуына құқығы бар. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі Еңбек кодексінің 92-бабымен реттеледі. Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Яғни жұмыс жылы дегеніміз – жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілетін кезең, күнтізбелік жыл емес. Жұмыс жылы ретінде жұмыскердің ұйымдағы бірінші күнінен бастап есептеледі және он екі айды құрайды. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде (Еңбек кодексінің 91-бабы) нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған, жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыттар еңбек өтіліне қосылады. Яғни жұмыс жылының ішіндегі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күндерін нақты айқындайтын еңбек өтіліне жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңдері есепке алынады. Ал жалақы сақталмайтын демалыста болған уақыт жоғарыда аталған еңбек өтіліне қосылмайды. Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. Яғни еңбек заңнамасында жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында келісім бойынша демалыстар кестесінен тыс жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беру мүмкіндігі қарастырылған. Егер демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті. Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық еңбек шарттарының және жұмыс беруші өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға міндетті. ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес, пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынған. Жұмыс берушінің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеген жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 88-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салу көзделген. Сондықтан жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті. Ал еңбек демалысына төленетін ақы егер жұмыскер белгіленген кесте бойынша уақтылы шықса, демалысқа дейінгі 3 жұмыс күннен кешіктірілмей төленуі керек. Егер белгіленген кестеден тыс, жұмыс берушімен келісім арқылы демалысқа шықса, еңбек демалысын алғаннан кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Бұл ҚР Еңбек кодексінің 92-бабында айқын көрсетілген.

Жанат МҰХАТАЕВА, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мониторинг және құжаттама бөлімінің бас маманы- мемлекеттік еңбек инспекторы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар