Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

РЕФЕРЕНДУМНАН КҮТЕРІМІЗ КӨП

РЕФЕРЕНДУМНАН КҮТЕРІМІЗ КӨП
ашық дереккөз
РЕФЕРЕНДУМНАН КҮТЕРІМІЗ КӨП
Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент енді әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Конституцияға түзету енгізуді 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығару жөнінде маңызды шешім қабылдады. Қазақстан Халық партиясы бірнеше аптадан кейін өтетін референдумды және Конституцияға енгізілетін барлық түзетулерді толық қолдайды. Барлық жарияланған бастамалар мен саяси жаңғырудың аспектілері партиямыздың идеологиясымен және бағдарламасымен үндес. Конституцияда халықтың жер мен табиғи ресурстардың иесі екені туралы норманың бекітілуі ең маңызды түзету болды. Бұл бастаманы Қазақстан Халық партиясы көтерді. Тұтас саяси жүйеге кешенді трансформация жүргізіледі. Біз суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшеміз. Осы арқылы биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармағы жүйесінің нақты тетігі жасалады. Депутаттардың 30 пайызы бір мандатты округтерде, қалғандары партиялық тізім бойынша сайланатын мажоритарлық-пропорционалдық жүйе саяси жаңғыртудың өзегіне айналады. Президенттің тең дәрежелі мәртебесі барлық саяси партиялардан тыс бекітіледі. Бұл – партиялық алаңда нақты саяси бәсекелестік туғызады. Барлық азаматтарды еліміздің болашағы үшін жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз! Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін Конституцияға енгізілетін түзетулерге жалпыхалықтық дауыс беру жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан құру жолында біздің бірлігіміз бен тұтастығымызды көрсетеді!

Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар