Әлеумет
Қазақстанда ер адамдарға қарағанда әйелдер өз өміріне онша риза емес - сауалнама
- author AR-AY
- 21 шілде, 2023
- 236
Қазақстанда ер адамдарға қарағанда әйелдер өз өміріне онша риза емес - сауалнама
2023 жылдың наурыз айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 41,8% өз өміріне қанағаттанады, бұл ретте олардың үлесі ауылдық жерлерде – 46,5% (қалада – 39,6%). Өз өміріне қанағаттанатын ер адам үлесі – 45,4%, әйелдер – 39,5%, деп хабарлайды Arainfo ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
2022 жылғы осы тектес зерттеумен салыстырғанда респонденттердің өміріне қанағаттану деңгейі 0,5 п. т. өсті (2022 жылы – 41,3%).
Ал 2021 жылға қарағанда 19,5 п. т. төмен (2021 жылы – 61,3%).
- денсаулығына қанағаттанғандар – 47,6%
- ішінара қанағаттанғандар – 49,3%
- жедел жәрдем қызметінің сапасына қанағаттанғандар – 56,1%
- қаржылық жағдайына қанағаттанғандар – 34%
Материалдық қамтамасыз ету деңгейі (дәулеті) бойынша өздерін келесі топқа жатқызатындар:
- орташа деңгейге – 72,2%
- төмен деңгейге – 0,3%
- жоғары деңгейге – 1%.
Үй шаруашылықтарының дәулеті жағынан төмен не орташа деңгейден төмен болуының негізгі себептері: төмен еңбекақы – 92,7% және төмен зейнетақы – 1,4%.
Жұмыс істейтін халықтың жұмыспен қамтылу мәртебесіне байланысты: 94,4% - негізгі себеп төмен жалақы деп атап өтті, ал жұмыссыздардың негізгі себебі, тиісінше, жұмыстың болмауы - 78,5%.
Келесі мақала