Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Межелі міндеттер орындалуда

Межелі міндеттер орындалуда
ашық дереккөз
Межелі міндеттер орындалуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы үлкен саяси реформалардың бастауы болды. Негізі еліміз отыз жылдық белесте талай қиын-қыстау кезеңнен өтіп, жаңарып, өркениетті елдердің көшіне ілесті. Ендігі кезде мемлекеттің демократиялық құндылықтарын арттыруға күш салып, халықтың пікірін ескере отырып, ішкі тұрақтылықты нығайтуға көбірек көңіл бөлінбек. Президент Жолдауынан осы жаңашылдықты аңғардық. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қаңтар оқиғасында халықтың бірлігі мен отаншылдығының арқасында Тәуелсіздігімізді сақтап қалғанымызды атап өтті. Сондай-ақ ол халық үшін бәрін жасауға міндетті екенін бұл президенттік әрі перзенттік парызы екенін айтты. Бұдан бөлек, ел байлығын иемденген ықпалды топтардың жолына тұсау қойылатыны да белгілі болды. Қазір әлем елдері дамудың даңғыл жолына түсуге талпынып жатқанда геосаяси қатерлер де артып барады. Осыны ескерген Президент мемлекеттің саяси құрылымын жетілдіру, ел ішіндегі ауызбіршілікті, тұрақтылықты арттыруға сеп болатын негізгі 9 реформа бағытын айқындап берді. Күшті президенттік басқарудан мықты Парламенттік басқару жүйесіне ауысу мәселесі де реформалардың ел болашағына үлкен өзгеріс әкелетінін аңғартты. Саяси партияларды тіркеуге қойылатын талаптар да жеңілдемек. Бір сөзбен айтқанда Жаңа Қазақстан халық үніне құлақ асатын, әділетті және азаматтық қоғамы қалыптасқан мығым мемлекетке айналуы керек. Заң үстемдігін қамтамасыз етуді күшейту мақсатында Конституциялық сот құру да үлкен мақсатқа жетелейтіні белгілі. Мемлекет басшысы Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы орны, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын құру туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Ел мүддесі үшін Ұлттық құрылтайдың ұсынылуы да бекер емес. Президент Жолдауда сан-саланың дамуына серпін боларлық реформаларды да тізіп берді. Сондықтан Президенттің баянды бастамаларын жасампаз ел қолдайды деп ойлаймын. Енді 5 маусымда өтетін республикалық референдумда Ата Заңымызға ел болашағына әсер ететін конституциялық өзгерістер енгізілгелі тұр. Бұл да Мемлекет басшысының Жолдауда көрсеткен межелі міндеттерінің бірі деп білеміз.

Жанна ХАЛЫҚОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар