Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ECO CHICKEN» ЖОБАСЫ ЖАНДАНА ТҮСЕДІ

«ECO CHICKEN» ЖОБАСЫ ЖАНДАНА ТҮСЕДІ
ашық дереккөз
«ECO CHICKEN» ЖОБАСЫ ЖАНДАНА ТҮСЕДІ
Халықты маржасы жоғары қызмет түрлеріне қайта бейімдеу және жеке қосалқы шаруашылықты дамыту мақсатында Қордай ауданында 2020 жылдың қыркүйегінен бері «Атамекен «Тараз» микроқаржы ұйымының қолдауымен «ECO Chicken» жобасы іске асырылуда. «ECO Chicken» жобасының негізгі мақсаты – тауық өнімдерінің импортын алмастыру және ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын ұлғайту. «Атамекен «Тараз» микро қаржы ұйымы арқылы жалпы қуаттылығы 160 тонна дайын өнімді құрайтын 8 кешен қаржыландырылды, сондай-ақ қосымша 4 кешен өз қаражаты есебінен іске асырылды. Бүгінгі таңда кооперативтің жаңа мүшелерінің есебінен кәсіпорынның өндірістік қуаты 320 тоннаға дейін өсті. Ал кооператив мүшелерінің саны 16 адамға дейін жетті. Кооператив 2022 жылдың соңына дейін 520 тонна тауық етін өндіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жалпы қуаттылығы 1 640 000 бройлер балапан болатын инкубатор құру көзделуде. Бұл өндірілетін ет өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге және ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құруға үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жоба одан әрі кеңейтілетін болады. Атап айтқанда, жобаны дамыту үшін қаражат пен жер учаскесін бөлу бойынша жуырда облыс әкімі Нұржан Молдиярұлының қатысуымен «Бизнеске арналған үкімет» орталығында жиын өтті. Жиынға бірқатар бірқатар басқарма басшылары, өкілдері қатысып, жобаны дамыту механизмдері жан-жақты қаралды. Жуырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен облысқа келген болатын. Сонда Ералы Лұқпанұлының қатысуымен өткен жиында да «ECO Chicken» жобасы кеңінен талқыланды. Облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы да жобаны жандандыруды қолдады. Аймақ басшысының тапсырмасына сай облыстық кәсіпкерлер палатасы жобаны іске асыру процесін бақылауда ұстап, оның дамуына белсенді ықпал ететін болады.

Еркін АТЫМТАЕВ, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар