Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Cyberpol» БӨЛІМШЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Cyberpol» БӨЛІМШЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ашық дереккөз
«Cyberpol» БӨЛІМШЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Соңғы жылдары алаяқтықтың жаңа түрлері қарқынды түрде дамып, жетілуде. Сол үшін де киберқауіпсіздік аса маңызды мәселеге айналып отыр. Технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Сондықтан елімізде интернет алаяқтардың жолын кесу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәселен Қазақстанда «Cyberpol» ұлттық жобасы жаппай енгізіле бастады. Осы орайда ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен Тараз қалалық полиция басқармасы №1 полиция бөлімі ғимаратында «Cyberpol» пилоттық жобасы іске қосылды. Алдымен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмаз Саламатов жаңа жобамен таныстырып, бөлімшенің заманауи цифрлық зертханасының ерекшеліктеріне тоқталды. Жобаның мақсаты – цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы тұру, интернет-алаяқтықпен күресу. Жалпы биыл облыстың киберполиция қызметкерлері 28 кәсіби алаяқты ұстаса, оның 16-сы басқа облыстардың тұрғындары екен. Сондай-ақ алаяқтар өз мақсатына жету үшін пайдаланған 190 «дропер» анықталыпты. Айта кету керек, осы жылдың 6 айында облыста 90 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстың 40,8 пайызға азайғаны байқалады. Пилоттық жобаға банк өкілдері де қатысты. Себебі алаяқтық шабуылдың көбі банктен несие алғызу, төлем картасы жоғалған жағдайда немесе займдар мен онлайн несиелеу кезінде орын алады. Жалақы карточкасының кодын айтып қойған жағдайлар да тіркелген.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар