Жаңалықтар
Елімізде 13 шілдеден бастап грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады
- author AR-AY
- 10 шілде, 2023
- 256
Елімізде 13 шілдеден бастап грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады
Елімізде 13-20 шілде аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Талапкерлер өтініштерін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Сондай-ақ ЖОО-ларда виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдауды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы іске асыруға болады.
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарламасы топтарына бөлінді. Олардың саны 18 мың 744 грантты қамтиды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 мың 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 мың 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 мың 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 мың 653 грант бөлінген. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді, – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.Отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификатын;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру, ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом);
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024