Саясат
Президент: Қуатты қалалар – ел экономикасын дамытудың қозғаушы күші
- author AR-AY
- 6 шілде, 2023
- 135
Президент: Қуатты қалалар – ел экономикасын дамытудың қозғаушы күші
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Қуатты қалалар – ел экономикасын дамытудың қозғаушы күші. Сондықтан біз бұл мәселеге баса мән береміз. Осындай жиындар тәжірибе алмасып, өзара тиімді байланыстар орнатуға жол ашады. Астанаға арнайы келіп, форумның жұмысына атсалысқан қонақтарға тағы да ризашылығымды білдіремін. Сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Бұл басқосу достық қарым-қатынасты нығайтуға тың серпін берері сөзсіз. Қалаларымыз көркейе берсін. Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін. Астана күні құтты болсын!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Астананың бауырлас қалалар форумында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар жандарға инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру керектігін айтқан еді.
Одан бөлек, Президент елорданы дамытуда «қала адам үшін» қағидаты басшылыққа алынатынын мәлім етті.