Тұрар Рысқұлов ауданы серпінді дамуда
Т.Рысқұлов ауданына қарасты 42 елді мекенде 67 636 халық тұрады.
Ағымдағы жылы егістік алқап 145 мың гектарға жетіп 101,1% орындалды.
Ораққа аудандағы 207 дана комбайн, 65 дана соқалы тракторлар, 67 дана дән таситын автокөліктер, 48 дана қызметтегі автокөліктер дайындалып, 300 аса адам ораққа қатысатын болады.
Ауданда 1105 ауыл шаруашылығы техникалары бар. Соңғы 5 айда 1,3 млрд. теңгеге 47 дана техника алынып, техника паркі 13,8 пайызға жаңаланды.
Сүт өндірісі – 9,6 мың тонна, 3,3%-ға, жұмыртқа – 1,6 млн. дана, 2,8%-ға, ет өндірісі – 3,4 мың тонна, 4,8%-ға өсіп отыр.
Отандық қант өнеркәсібінің сұранысын қанағаттандыру мақсатында былтырғы жылы аудандағы қант қызылшасы егілген алқаптың аумағы 390 гектарға болса, биылғы жылы егілген алқаптың көлемі екі есеге артып 610 гектарды құрады.
Аудан бойынша 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 61,9 млрд. теңгені құрайтын 195 ірі және шағын инвестициялық жобалар айқындалған.
Биылғы жылы құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 70 жоба жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде 637 жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Ауданның жайылым бойынша қажеттілігі жалпы 143 мың гектарды құрап, бүгінгі күнге 238,5 мың гектарға меморандум 487 шаруа қожалықтармен жасалды.
Бүгінде ауданның 32 ауылдық елді мекендері
орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.
Өткен жылға 1,3 млрд. теңге бөлініп 3 елді (Қазақ – 430 млн., Сәлімбай – 370 млн., Жаңатұрмыс – 525 млн.) мекенде сапалы ауыз суға қол жеткізу үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Өңірдің даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай ауданның 42 елді мекені 100% ауыз сумен қамту жоспарлануда.
Бүгінге 34 елді мекеннің 63,5 мың адам табиғи газбен қамтылған, тұрғынмен есептегенде 98,5%-ға жетеді.
Бүгінгі таңда Шолақ-Қайыңды ауылына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары басталды.
Ағымдағы жылға жол саласына 914,5 млн.теңге қарастырылды. Қарастылырған қаржы есебінен Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды 15 шқ, жолды жөндеу және 8 округтегі 24 көшенің жолдары жөндеуден өтетін болады.
Әлеуметтік көрсеткіштерге келсек, үкіметтің «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құруға» қатысты тапсырмасына сәйкес биылға жоспар - 345 орын болып белгіленсе, 5 айдың қорытындысымен жоспар 83,2 пайызға орындалды.
Ауданда «NEET» (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі 2023 жылдың 5 айына 0,08%, яғни 88 жасты құрады.
Есепті кезеңде 479 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жұмыссыздық – 2,7% құрады.
Жақсылық ауылында 75 орындықты «Нұр-Ай» балабақшасы ашылып пайдалануға берілді.
2022-2023 оқу жылында 3 мектепте жалпы құны 624,6 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы Құлан ауылында «Арай» алқабында 300 орындық мектептің (құны 1,4 млрд. теңге) құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында қолданысқа береді деп күтілуде.
2022 жылы 271 млн. теңгеге 2 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, жүргізіліп, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы- 24,9%-дан 18%-ға дейін төмендеді (облыс-38,8%, ҚР-47,8%).
Үстіміздегі жылы Қорағаты станциясында Фельшерлік амбулаториялық пунктің құрылысы, 2024 жылы Ақбұлақ дәрігерлік амбулаториясы және Қайынды дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жоспарланып отыр.
2022 жылы 856,5 млн. теңгеге 3 дене шынықтыру спорт кешендерінің (Ақыртөбе – 306,4 млн., Көгершін – 281,8 млн., Р.Сабденов – 268,3 млн.) құрылысы жүргізілуде, ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Луговой ауылдық мәдениет үйінің қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Көгершін ауылында 90 орындықты мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы (80 пәтерлі) көп қабатты тұрғын үйлердің алғашқы нүктесі пайдалануға беріліп, екінші нүктесін жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
2024 жылы Жаңатұрмыс ауылдық округінде мәдениет үйінің және дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысының жұмыстары бастау алатын болады.
Соңғы 3 жылда шешімін таппай келген Қорағаты жер пай үлескерлерінің (210 пай үлескерлері) мәселесі оң шешімін тапты. Қорағаты ЖШС пай үлескерлері 2600 га жайылым жерді ауыл тұрғындарының малын жаю үшін мемлекет меншігіне қайтаруға өтініш берді. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының малын жаю үшін ауылдық округ әкімдігіне бекітіліп берілетін болады.
Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Жалпақсаз елдімекенінде теміржол өткелі ашылды.
Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Құлан-Луговой бағытынды қоғамдық көлік қатынайды.
Луговой елді мекеніндегі бос тұрған бұрынғы кеден қызметкерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған мұқтаж отбасыларға берілетін болады
Келесі мақала