«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ЖАҚСЫЛЫҒЫ ЖЕТЕРЛІК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» қанатқақты жобасы әзірленіп, жүйелі жұмыстар жүргізіле бастады. Жобаның ерекшелігі – мектепте оқушы үшін жан-жақты қолайлы жағдай жасалады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Шу, аудандарында және Тараз қаласында 9 500 орындық 12 мектеп салу жоспарланып отыр.
12 мектептің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік жер актісі алынған. Атап айтқанда, Байзақ ауданының Сарыкемер, Жамбыл ауданның Шайқорық, Қордай ауданынының Қордай, Қарасу, Қаракемер, Меркі ауданының Меркі ауылдарында, Шу ауданында, Тараз қаласы бойынша, Шөлдала алқабында, «Бәйтерек», «Ұлы дала» ықшамаудандарында бой көтеретін мектептер құрылысына мектептер құрылысының мемлекеттік жер актісі дайын.
Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбектің айтуынша, жоспарға сәйкес биыл 7 мектептің және келер жылы 5 мектептің құрылысы басталады.
– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерді сапалы жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі №41-ө өкімімен комиссия тобы құрылды.
Комиссия мүшелері жиһаз, асүй жабдықтары, спорттық құрал-жабдықтар, электрондық техника шығаратын кәсіпорындардың негізгі өлшемдерін қарастырды. Нәтижесінде «NUR-AI» ЖШС, «MEBIUS» ЖК, «Алдони» ЖК жиһаз шығаратын кәсіпорындары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерді жиһаздармен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды және қызмет көрсетуге дайын екені анықталды.
Биылға жоспарланған 6 200 орындық 7 мектептің құрылысына 15,1 миллиард теңге қаржы бөлінді, – дейді басқарма басшысы Мейірхан Азатұлы.
Айта кетейік, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы мектептердің құрылысын жобалау тәртібін және мердігерлер мен жобалаушылардың тізімін анықтайды. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының мердігерлері анықталған.
Келесі мақала