ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕСІ
«Тараз» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – облыстың әлеуметтік бағдарланған салаларында кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында микрокредиттер мен лизинг беретін микроқаржы ұйымы. Ұйым 2018 жылдың 20 қыркүйегінде құрылған.
2019 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 4 миллиардтан аса теңгеге 535 қаржылық лизинг және микрокредит шарттары қаржыландырылды. Оның ішінде жалпы сомасы 3 миллиардтан аса теңгеге 413 қаржы лизингі шарты рәсімделді. Ал қалған 1 миллиардтан астам теңгеге 122 микрокредит берілді. Микроқаржы ұйымының қаржыландыру шарттарына тоқталсақ, пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 5-6 пайыз. Кредит беру мерзімі – микрокредит бойынша 60 айға дейін. Қаржы лизингі шарттары бойынша 84 айға дейін. Қаржы лизингі шарттары бойынша бастапқы жарна-лизинг нысанасының құнынан кемінде 10 пайызды құрайды. Кепілмен қамтамасыз ету – шағын несие бойынша жылжымайтын мүлік, қаржы лизингі шарттары бойынша сатып алынатын лизинг заты. Қызметті жүзеге асыру үшін «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы мен «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан тартылған қарыз қаражатының жалпы сомасы 2 990 235 760 теңгеден асады.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасын іске асыру аясында жалпы құны 1 038 410 000 теңгеге 192 ауылшаруашылық техникасы алынған. Оған 11 ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне лизинг арқылы алып берген болатын. Сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға жалпы сомасы 264 670,5 мың теңгені құрайтын шағын несиемен қаржыландырған. Малшаруашылығына, айналым қаражаттарына, балық өсіруге, өзге жабдықтарына және тағы да басқа мақсаттарына шаруаларға 1 022 895 мың теңгедей шағын несие берілді. «Trade-in» бағдарламасы арқылы ауылшаруашылық техникасын сатып алу арқылы отандық ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемін ұлғайту және ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді техникалық жарақтандыру мақсатында шаруаларға 721 259 000 теңге сомасында техника сатып алынды. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасын іске асыру аясында жалпы құны 209 609 000 теңге болатын 50 ауылшаруашылық техникасын пилоттық жоба аясында 2023 жылдың басында жаңадан құрылған 9 ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне лизинг арқылы алып берген болатын.
Бердияр ҚҰТТЫБАЕВ, «Тараз» микроқаржы ұйымының директоры
Келесі мақала